история

Миржакып дулатов реферат

Оставить ответ
1

Ответ №1

Дулатов Міржақып (1885 жылы, қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы – 1935 жылы туған, Карель АКСР-ы (Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы), Беломорск ауданы, Сосновец темір жолы стансасында жерленген, 1996 жылы еліне әкелініп, қайта жерленді) – көрнекті қазақ ақыны, жазушы, педагог, қоғам қайраткері.  1920-жылдардың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көнкеті өкілі.

Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ педагогикалық училищесін бітірген (1902 жылы). 1902-1911 жылдары Торғайда, Қызылжарда мұғалім, 1911-1918 жылдары «Айқап» журналында , « Қазақ » газетінде қызметкер, 1917-1918 жылдары «Алаш» партиясын, Алаш автономиясын, Алашорда үкіметін құрушылардың бірі болып, Қазақ мемлекетін құру ісіне белсене атсалысты. 1920-1928 жылдары « Ақжол » газетінде ( Ташкент қаласында ) редактор, Семейде сот қызметкері, Орынбор қазақ ағарту институтында оқытушы, Қазақ мемлекет баспасында саяси редактор, «Еңбекші қазақ» газетінде жауапты хатшының көмекшісі. 1928 жылы желтоқсанда репрессияға ұшырып, 1935 жылы айдауда жүріп қайтыс болды. 1988 жылы 4 қарашада ақталды.

Знаете ответ?