история

Тараз каласында ескерткіш

Оставить ответ
1

Ответ №1

Осыдан 20 жыл бұрын, дәл осы күні еліміздің дербестігінің тағы бір нышаны әлемге танылды. 1993 жылдың 15 қарашасы күні таңғы сағат 8-де ескі ақшаны теңгеге алмастыру басталды. Содан бері 15-қараша – төл теңгеміздің күні, еліміз қаржыгерлерінің мерекесі. 

Мерекеге орай өткен түрлі шаралар қатарында Тараз қаласында төл теңгеміздің 20 жылдығына арналып қойылған ескерткішті айтуға болар. Ескерткіштің Таразда қойылуы бекер емес. Лондонда басылған алғашқы теңгелеріміз өте құпия жағдайда бірнеше әуе кемесімен алдымен Тараз қаласына жеткізілді. Сол жерден Республика аумағына таратылды. 

Бұл жайт диаметрі 1 метр 20 см үлкен монета-ескерткіште көрсетілген. Ескерткіш монетаның бір жағында Астана, Алматы, Тараз қалалары бейнеленген Қазақстан картасы, екінші жағында Ұлттық валютаны енгізу туралы Ел Президентінің Жарлығы жазылған. Бұл Жарлық 1993 жылдың 12-қарашасында жарық көрген еді. Тәуелсіз Қазақстанның төл теңгесіне қатысты өзге де жайттар Нұршапағат Несіпбаевтың материалында. 

Қазақстанның ұлттық валютасы – еліміздің мемлекеттік рәміздерімен қатар тұрған тәуелсіздіктің, дербестіктің бір белгісі. Төл теңгеміздің айналымға енуінің тарихы тереңнен басталады. 1993 жыл. Кеңес одағы келмеске кетіп, әр мемлекет өз болашағына алаңдаған қарбалас қауырт шақ. Ел экономикасы дағдарысқа ұшырап, тұралаған тұста Елбасы ұлттық валютаны енгізу жайлы шешім қабылдады. Теңгенің сұлбасын сызып, дизайнын жасап, айналымға енгенге дейін басы-қасында жүргендердің бірі – Хайролла Ғабжәлел. 

Знаете ответ?