история

Аруақтар мен Құдайға сену.Өнердің шығуы туралы мəлімет

Оставить ответ
1

Ответ №1

Ертеде бір байдың үш ұлы болыпты. Бай жылқысынан қысырақтың бір үйірі жоғалыпты. Байдың үлкен ұлы әкесіне келіп:


         — Әке, қысырактың үйірін мен іздеп келейін!.. – дейді.


         — Бара ғой, балам, ізде! – дейді әкесі. Ұлы азық-түлігін алып, қару-жарағын асынып, атына қонады.


         Әкесінің сиқыры бар екен дейді,
баласын сынағысы кеп, алты қырды асып, алты арланға айналып, баласын
тосады. Алты арлан қасқырды көріп баласы қорқып, үйіне қайтып барып,
жатып алады. Қысырақтың үйірін іздемекші болып әкесіне ортаншы ұлы
келеді. Ол да қасқырдан қорқып, үйге қашып келеді. Енді ең кіші ұлы
қалады. Ол келіп әкесіне:


— Мен іздеймін, – дейді. Әкесі:


— Жарайды, – деп жауап қатады.


Әкесі балаларының сыншысы еді. Ол алты
жолбарыс болып жолда жатып алады. Алты жолбарыс болған әкесін көрген ұлы
астындағы атын қамшылап-қамшылап жіберіп, жолбарыстарға тап береді.
Жолбарыстарға найзасын сілтей бергенде:


— Тоқта! – деді әкесі.— Ей, балам, мен,
менмін ғой, немене найзаңды сүңгітіп алмақсың ба?! Иә, мен біліп едім,
енді қолыңды жай, ұлым! Әкесі батасын беріп:


— Жолың болсын, ұлым, сенің алдыңда,
енді, өз кейпіме келейін, – дейді де:— Балам, ұмытпа, елсіз түзде
жүргенде, далаға қонбай, ескі мазарлар кездессе сонда түне, – дейді.


Күн артынан күн өтіп, бірде, күн ұясына
қонар кезде, кіші ұлы ескі қорғандарды көреді, молалардан басқа иен
далада көзге түсер ештеңе жоқ еді. Молалардың батыс жағында, топырағы
әлі қап-қара болып жатқан жас қабірды көреді. Сол жас қабірға жақындап
келіп

Знаете ответ?