история

5-10 ғасырлардағы Арабтар

Оставить ответ
1

Ответ №1

Арабия түбегінің жер көлемі - 3 млн шаршы шақырым. Жерінің көбін құм басып жатыр. Тек орталық бөлігі менЙемен жері шаруашылыққа колайлы. Ежелден Арабия түбегін арабтар қоныстанып келді. Халқы егіншілікпен және мал бағумен айналысады. Суармалы егін шаруашылығы басым. Құнарлы көкорай жерде бау-бақша-, жеміс-жидек өсіріледі.Отырықшылықпен қатар, арабтар көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданды. Қалаларда колөнер мен сауда дамыды. Ең ірі калалары - Неджран, Мекке, Таиф т.б. сауда орталықтарына айналды.

Біздің заманымыздың III ғасырындаАрабия түбегінде Лахмид патшалығыөмір сүрді. Лахмид әулетініңбилеушілері тұсында бұл патшалық дамыған ірі мемлекетке айналды. Лахмид патшалығының күшейген кезі - IV ғасырдың аяғы мен V ғасырдың басы. Бұл патшалық VII ғасырдың басына дейін СасанилікИранға тәуелді болды.

Арабияда өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық шаруашылықтың дамуы, мүлік теңсіздігінің тереңдеуі, сондай-ақ, жаңа жерлерді жаулап алу ірі мемлекет кұруға негіз болды. Арабтарды біріктіру идеясын уағыздау кең етек алды. Ислам идеясын таратушы Мұхаммед пайғамбар (570-632) Меккеде туып-өскен. Ол өзін Алланың жердегі елшісі деп жариялап, арабтарды ислам дініне енуге уағыздады.

Знаете ответ?